Әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram желісінде терең мағынаға толы жазба жариялап, көпшілікті ойға салды.
Жазбасында ол шынайы дұға мен ішкі рух тазалығы туралы айтып, екіжүзді ниет пен теріс ойдың адамға кері әсер ететінін жеткізген. Әншінің айтуынша, өзгеге жамандық тілеп отырып, өз өмірінен жақсылық күту – сеніммен үйлеспейтін қарама-қайшылық.
«Дұға деген жалғыз ғана отырып алып тілек тілеу емес. Дұға деген – сенің рухыңның тазалығы.
Мысалы: сен біреуге ішің тарланып “сүрінсе екен осы” деп тұрып, өзіңе “жолым ашық болсыншы” деп тілеу – қарама-қайшы.
Немесе, “мынау ажырасқан неменеге ақыл айтып отырады осы” дей отырса, “Алла мені бақытты қыл” дей алмайсың.
Егер сенің Аллаға деген сенімің шын, Алла бәрін көруші, ол сенің ішіңде не бар екенін білуші жалғыз Құдірет екеніне сенімің болса, бұндай жағдай сен үшін кем дегенде ыңғайсыздық тудыру керек», – деп жазды өнер иесі.