Әбиба Әбужақынова – енді заңгер: Дзюдошы қызымыз дипломын қолына алды

2 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Әлеуметтік желіден. Суретте: Әбиба Әбужақынова мен Жанарбек Әшімжан

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мақтанышы, әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген Әбиба Әбужақынова жоғары оқу орнын аяқтап, заңгер мамандығын иеленді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіде бөлісті.

«48 келі салмақта әлемнің үздік балуаны, әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері, Азия біріншілігінің күміс иегері, 2025 жылы Линцте (Аустрия) өткен “Гран При” жарысының чемпионы Әбиба Әбужақынова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін үздік дипломмен тәмамдады. Батыр қызымыздың бұл жетістігі – жастарға үлкен үлгі!», – деп жазды депутат.

Тэгтер:

Әбиба Әбужақынова Жанарбек Әшімжан заңгер