«Күтсе болар еді ғой»: қызын ұзатқан Дәнекер Оразбайдың тойда көңілі босап кетті (видео)

1 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Танымал әзілкеш, «Нысана» театрының әртісі Дәнекер Оразбай қызының ұзату тойында өз сезімін жасыра алмай, көңілі босап, көз жасына ерік берді. 

Әртіс бір күн бұрын «ертең жыламаймын» деп әзілдеп жүрсе де, қызының ақ келін болып ұзатылу сәтінде толқуын жасыра алмады. Әсіресе, көпшіліктің жүрегін елжіреткен сәт – оның:

«Кішкентай қыз ғой ол. 1 жыл күтсе болар еді ғой…» – деп айтып, көңілінің босаған сәті болды.

Бұл сөздер тойдағыларға ғана емес, әлеуметтік желідегі көрермендерге де әсер етпей қоймады. Әкенің қызға деген шексіз мейірімі мен қимастығы жазылған пікірлер көпшіліктің ортақ сезімін білдірді.

Көпшілік бұл сәтті ерекше түсіністікпен қабылдап, жылы лебіздерін жаудырды:

«Қыз әкесі үшін әрқашан кішкентай»,

«26 жасымда тұрмысқа шығам дегенде, әкем анама: қызым әлі кішкентай ғой, жүре тұрмай ма? депті»,

«Әкенің қызына деген махаббаты бөлек қой, шіркін»,

«Әке-шешелерің 1 жыл күт десе, күтіңдерші қыздар».