«Барымды беремін»: Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі тойда ағынан жарылды

1 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаева жақында ғана немересінің бір жас мерейтойын дүркіретіп өткізді. Тойға Сәбиттің қазіргі жары, өзінен 16 жас кіші, танымал актриса Динара Абдуллина да қатысып, ағынан жарылды.

Күйеуінің немересінің тойында Динара төрде отырып, жүрекжарды тілегін айтып, құнды сыйлық та ұсынды.

Қызымыз салиқалы, саналы ұрпақтан болсын. Бұл бала өте ерекше. Басқаларда бір ата, бір әже болса, Айсұлуда төртеу. Аллаға шүкір, бәріміз құшақ жая қарсы алып, шын көңілмен жақсы көреміз. Қолымызда не бар – соның бәрін аямай береміз. Бүгін де құр қалдырмай, өз атымнан гауһар тасы бар алтын сырға сыйға тарттым, – деді актриса көпшіліктің алдында.

Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықовтың бұрынғы үш әйелінен сегіз баласы бар. Ал Динара Абдуллина – оның қазіргі ресми жары.