"Бала болмаса, зәулім сарай не керек?": Елдос Колобок зәулім үйін көрсетемін деп сынға қалды

1 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Әлеуметтік желіден. Суретте: Елдос Колобок пен оның жары

Әлеуметтік желіде танымал блогер Елдос Колобок өзіне жаңа, сән-салтанатты үй алғанын жариялап, жұртты сүйсінтті. 

Әлеуметтік желіде жұрттың қуанышпен қабылдауы, “Құтты болсын!”, “Сәби келсін!”, “Бақыт пен шаттыққа толы болсын!” деген тілектер – ел ішіндегі ізгі көңіл мен ортақ қуаныштың айғағы.

Қуаныш пен ақжарма тілек білдірушілер:

"Құтты болсын!",

"Ой, керемет! Іші жанға, сырты малға толсын!",

"Қоныс құтты болсын, балаларымызға жұғысты болсын!",

"Енді осы үйде үбірлі-шүбірлі болыңыздар!",

"Сәби келіп, шаңырақты күлкіге бөлесін!",

"Бұл – еңбектің, анаға құрметтің, бауырға жанашырлықтың сыйы!"

Бұл пікірлер Елдостың табысына ортақтаса қуанып, әр қазақ баласына жұғысты болсын деген тілекпен жазылған.

Терең ой мен жан тебіреніс білдіргендер:

"Бала болмаса, зәулім сарай не керек..."

"Қаңыраған үйде екі адам футбол ойнай ма?"

"Үйдің сәні – бала мен қуаныш."

Тэгтер:

Елдос Колобок зәулім үй