UFC-дің салмақ дәрежесіне тәуелсіз (P4P) үздік файтерлер рейтингі жаңарып, жаңа көшбасшы пайда болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ұзақ уақыт бойы UFC-дің ең үздік жауынгері деп есептеліп келген Ислам Махачев (27-1) жаңартылған рейтингте өз орнын жоғалтты. Бұл өзгеріске 317-нөмірлі турнирдегі нәтиже әсер еткен. Аталған турнир АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті.
UFC-дің жаңа P4P көшбасшысы – Испания атынан өнер көрсететін грузиялық Илия Топурия (17-0). Ол басты жекпе-жекте бразилиялық Чарльз Оливейраны (35-11) нокаутпен жеңді. Осылайша, ол жеңіл салмақтың жаңа чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұл салмақтағы чемпиондық белбеу бұған дейін Ислам Махачевке тиесілі болған. Алайда ол жартылай орта салмаққа ауысқан.