«Жүрек елжірейді»: Қырғыз баланың қазақ спортшысына көрсеткен құрметі елді тәнті етті (ВИДЕО)

Бүгін, 09:31 / Ахмет Қанатұлы
Видеодан скриншот

Қырғызстанда өткен халықаралық спорт фестивалінде қазақ және қырғыз балаларының бір-біріне деген достығы мен құрметі елдің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Желіде тараған бейнекадрда ,ірінші орынды жеңіп алған қазақ баласына қырғыз спортшысы бас киімін шешіп, сыйға тартады. Өз кезегінде қазақ баласы Қазақстан туы бейнеленген бейсболкасын досына сыйлайды. Артынша қос бүлдіршін бір-бірін құшақтап, шынайы достық пен бауырмалдықтың үлгісін көрсетеді.

Желі қолданушыларының әсерлі пікірлері:

«Осындай көріністерден көз демалып, жүрек елжірейді»
«Қандай керемет?! Әрдайым осылай тату болып жүрейік»
«Достығымыз мәңгі болсын»
«Осы екі бүлдіршіннің бауырмалдығын көкпаршыларға берсін»

Тэгтер:

спорт қырғыз қазақ