«Халық өзі-ақ біліп алады»: Мөлдір Мұқанова күйеуі отбасындағы қауесетті мойындады

1 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Видеодан скриншот

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова отбасына қатысты көптен бері қоғамда айтылып жүрген қауесет сөздердің шындыққа жанасатынын тұспалдап растады.

Журналист Анна Данченко Айгүл Иманбаеваның тойында Мөлдірден сұхбат алып, ел арасында тараған әңгімелердің рас-өтірігі туралы сұрады.

Мөлдір бұл сұраққа сабырмен жауап беріп, жағдайдың жұртшылыққа белгілі болып кеткенін жасырмады:

«Қазір халықтан жасыратын ештеңе қалмады. Шыны керек, отбасымызда болып жатқан жағдайға байланысты жігітіміздің (Тұрсынбек Қабатов — ред.) абыройын ойлап, үндемей келген едік. Бірақ жағдай халықтың арасына тарап кетті. Ақиқатын ашып айтпаймын. Халық өзі-ақ біліп алады. Бәрі жақсы, уайымдамаңыздар. Міне, жүрміз жарқырап», – деді Мөлдір Мұқанова.

Сұхбат барысында оның жанында тұрған әнші Нұрлан Еспанов та өз пікірін білдіріп, Мөлдірге қолдау көрсетті:

«Мөлдірге жаман нәрсе жаза бермеңіздерші. Қыз баласы ғой, күйініп кетуі мүмкін. Ол тәй-тәй басып, өнерге келіп жатыр. Ал біз не істейміз – аяқтан шала береміз…» – деді ол.