«Оңтүстіктің қыздары тұрмысқа үй қызметші болу үшін шығады»: блогердің сөзі халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)

1 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
SN.kz

Қазақ қоғамында қызу талқы тудырған бейнежазбаның авторы — өзін хиджама маманы ретінде таныстыратын Асия есімді блогер. Ол оңтүстіктегі, әсіресе Шымкенттің қыздарына қатысты айтқан пікірінде:

“Күйеуге шыққан әйелдердің көбі ерімен жақын болудан қашады. Бар тірлігі — кір жуу, тамақ дайындау, бала бағу. Ал еркекке бұл керек емес. Еркек әйелді тек бір нәрсе үшін алады” — деп мәлімдеді.

Блогердің айтуынша, әйелдер өз еріктерімен күйеулерінен “қашып жүріп”, отбасылық өмірдің негізгі жауапкершілігін түсінбейді. Ол бұл пікірін өзінің кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып айтқанын алға тартып отыр.

Қоғамның реакциясы

Әлеуметтік желі қолданушылары блогердің сөзіне жаппай қарсы пікір білдіруде:

«Алланың қаһарына ұшырап кетпе!»

«Оранып алып, не болса соны айтып жүретіндер көбейді»

«Ондай әйелдер тек оңтүстікте емес, барлық аймақта бар. Шымкентті неге жамандай бересіңдер?»