Сахнадан ұзақ уақыт көрінбей кеткен продюсер, қоғам белсендісі Мөлдір Мұқан жаңа жобасын ресми түрде жария етті. Ол қазіргі уақытта “Шәй в большом городе” атты алғашқы толықметражды фильмін түсіру үстінде. Бұл туралы өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
“Тыныш жатқан желі тағы да бір толқиды...
Мөлдір тағы не бастап жатыр?! Бұл ерекше жоба. Оны бұрынғы Мөлдірмен байланыстырмаңыз. Бұл — жаңа қыр, жаңа бетбұрыс.
Қоғамдағы үнсіз шындық, жанды ауыртатын сәттер мен күлкіге жасырылған көз жасы... Осының бәрі бір жерге тоғыса ма?
Жақында бәрін білесіз. Мөлдір бұл жолы нені айтпақ?..” – делінген жарияланған жазбада.