"Ар-ұяттан аттаған кездерім көп": белгілі журналист ашық-шашық киінуінің себебін айтты

1 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Белгілі журналист және коуч Мақпал Қаратай соңғы кездері қоғам назарын өзіне ерекше тартып жүргені жасырын емес. Оның ашық образдары, еркін ойлары мен өткір жазбалары қызу талқылануда. Бұл жолы ол өзінің күрт өзгеруінің себебін өзі түсіндіріп, ішкі жан-дүниесіндегі өзгерістер жайлы ашық айтты.

«Ар-ұяттан аттаған кездерім көп. Алда да аттауым мүмкін. Менің “қараңғы қырым” – ашық-шашық киінуім – бұл менің табиғатымда бар. Сен өзіңмен айналысып, өзіңді тани бастағанда, ішіңде қаншама жыл жасырынған нәрсе сыртқа тайфун сияқты атылады», – деді ол Todayinfo порталына берген сұхбатында.