Өзбекстан футбол құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алғаннан кейін Қазақстан халқына және жанкүйерлеріне ерекше алғыс айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz тілшісі BorodAbata.kz порталына сілтеме жасап.
«Шынымен де Қазақстаннан көп құттықтау мен қолдау сөздерін алып жатырмын. Бұл елде мен ұмытылмас кезең өткіздім. Қазақстанда менің көп достарым бар. Бұл қолдауға өте ризамын, өйткені біз – бауырлас халықпыз. Қазақстан құрамасына және қазақстандық футболға сәттілік тілеймін, жанкүйерлерді қуанта беріңіздер», – деді Кападзе.
Айта кетейік, Тимур Кападзе өз кезінде Қазақстанда ойнап, «Ақтөбе» футбол клубының құрамында өнер көрсеткен. Ал енді ол ұлттық деңгейде табысқа жетіп, Өзбекстан құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама арқылы алып шықты. Бұл нәтиже – Кападзе бапкер ретінде қол жеткізген ең ірі жетістіктерінің бірі.