Біраз уақыт бойы шоу-бизнестен көрінбей кеткен танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева тыңдармандарының қуанышы үшін сахнаға қайта оралды.
Ол өзінің Instagram парақшасында күйеуі Ғазрет Қажымұқанұлымен бірге түсірілген бейнежазбаны жариялап, «Көпшіліктің сұрауы бойынша оралдым» деп жазды.
Бұл жаңалық бірден желі қолданушыларының назарын аударып, өнер иесіне деген жылы лебіздер легі толастамады.
Желі қолданушыларының пікірінен үзінді:
«Халықты ойландырмай, осылай жүрсеңіздер болады ғой», «Ең әдем жұп», «Бақытты болыңыздар!», «Кәмшаттың бұлай бақытты болып жүруін алғаш көруім», «Күйеуіңізді бірінші рет шығарып тұрсыз ғой».