Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында көпшілікті алаңдатқан мәлімдеме жасады. Ол өнер жолындағы шығармашылығына нүкте қойып, сахна мен жарықтан алыстайтынын хабарлады.
«Болды. Бәрін тастаймын. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам – тыныштық», – деген қысқа, бірақ салмақты жазбасында әнші пікір қалдыру мүмкіндігін өшіріп қойған. Бұл оның ішкі күйзелісін және қоғамдық пікірден оқшауланғысы келетінін аңғартады.
Әншінің келесі жазбасында сырға толы, философиялық ойлар өрбіген:
«Қарапайым дүниелерде терең шындық бар. Күннің иісі. Баланың күлкісі. Қара нан. Әнсіз өткен күн. Тыныш таң. Осындай сәттерде жүрек қайта тыныстайды», – деп жазған Төреғали, бұл жолғы өмір жолындағы бетбұрысы – жан тыныштығын іздеу екенін аңғартты.