Әлеуметтік желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айым әкесімен бірге би билеген видеосын жариялап, көпшілікті қуантты.
Қабатовтың отбасы соңғы уақытта ел назарында. Желіде оның жеке өміріне қатысты түрлі қауесет тараған: бірі екінші әйелі бар десе, енді бірі ауруханада жатыр деген болжамдар айтылған еді.
Алайда жаңа видеодан әзілкештің көңіл-күйі жақсы екені байқалады. Қызы Айыммен бірге танымал TikTok трендін орындап, әдемі кадрмен бөліскен.
Желі қолданушылары жағымды пікірлер қалдырды:
«Бәрі өтірік болып шықты-ау, тым жақсы жүр ғой»,
«Басқа отбасына кетті деп еді ғой...»,
«Бақытты болыңыздар! Балаларыңыз ер жетіп қалыпты»,
«Қыздары қандай сұлу!» – деп жазды желідегілер.