Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарымен ашық диалог құрып, әйелдер қауымына өмірлік кеңес айтты. Оның айтуынша, әйел адам өзіне де көңіл бөліп, өзін дамытуға тырысуы керек, деп хабарлайды ozgeris.info.
“Үйде отырып, күйеу мен балаға жағдай жасаған – жақсы. Бірақ өзіңді мүлде ұмытуға болмайды. Әйелдің де өз кәсібі, білімі, табысы болғаны дұрыс. Қыдырып, өзіне ақша аямай, кейде 'неудобная' болған артық емес”, – дейді Ерке.
Әнші қазіргі таңда жұрт назарында жүрген мультимиллиардер Джефф Безос пен оның сүйіктісі Лорен Санчестің қарым-қатынасын мысал етті.
“Безостың Лоренге әлемді төсеуі бекер емес. Меніңше, Лорен – нағыз серіктес, сенімді тірек, көңілді көңілдес. Ол еркекпен жарыспайтын, жұмсақ әрі ерке бола білетін дана әйел. Еркекке анасы емес, қылықты жар керек”, – деп пікір білдірді Ерке Есмахан.