Белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Марат отбасылық өмірі жайлы ашық мәлімдеме жасады. Бұл туралы Skifnews.kz порталы хабарлады.
Ляйсира ханым блогер Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында өз өмірінің ауыр кезеңдерімен бөлісіп, бұрынғы жарының опасыздығы туралы айтты.
— «2015 жылы отасқанымызға 25 жыл толған мерекені бірге атап өттік. Сол кеште адалдық пен махаббатқа ант бергенсің. Алайда тура бір жылдан кейін басқа адаммен Тбилисиге бірге кетіп қалдың. Бұл біздің отбасымыз үшін ауыр соққы болды. Әсіресе балалар қатты күйзелді. Енді сені олармен ештеңе байланыстырмайды. Мен балаларым мен отбасым алдында айтқан сөздерің үшін кешірім сұрауыңды талап етемін», — деді ол.
Сондай-ақ кәсіпкер балаларының тегін не себепті өзгерткенін түсіндіріп өтті.
— «Мен әрқашан шындық пен махаббаттың жағында болдым. Амина мен Арсен – ересек, өз бетімен шешім қабылдай алатын жандар. Олар тегін өзгертуге саналы түрде келісті. Амина бұл шешімді менімен кеңеспей-ақ қабылдап, үш айдан кейін тектен бас тартты. Ал Арсен бір жарым жылдан кейін өзгертті. Ал мен Тұрсен үйден кеткен соң өз тегім — Маратқа өттім. Сондықтан балалардың бұл шешімі – ешқандай қысымсыз, саналы таңдау», — деп нақтылады экс-жұбайы.