Актер және режиссер Сәбит Әбдіхалықов жеке өмірі жайлы ашық сұхбат беріп, қазіргі отбасына қатысты тың ақпаратпен бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, ол жас актриса Динара Абдуллинамен отбасын құрған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында Сәбит Әбдіхалықов балалар мен немерелерінің жастары туралы айтып өтті:
«Менің немерем – қызымнан үлкен. Қызымның әпкесі бар. Кішкентайларымның үлкені – бес жаста, ортаншысы – үште, ал кенже қызым – алты айлық», – деді актер.
Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықов бұрынғы жұбайы, әнші әрі актриса Айгүл Иманбаевамен ортақ немересінің бір жасқа толу мерейтойына қазіргі жары Динара Абдуллинамен бірге қатысқан.