"Пәтерін, көлігін әперіп, жағдайын жасап отыр": Тұрсынбектің "тоқалы" туралы жаңа дерек тарады

30 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов

Әлеуметтік желіде белгілі әзілкеш әрі қоғам қайраткері Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты жаңа ақпарат пайда болды.

Интернет қолданушылары арасында тараған дерекке сүйенсек, әзілкештің 1997 жылы туған Қызылорда облысы, Бесарық ауылынан шыққан бір әйелмен тығыз қарым-қатынаста екені айтылған. Сол ақпаратта аталған әйел Астана қаласында тұратыны, Тұрсынбек Қабатов оған пәтер мен көлік сыйлағаны және ай сайын материалдық көмек көрсететіні сөз болады.

Бейресми ақпарат бойынша, бұл әйел әзілкештен ұл баланы дүниеге әкелген. Кейінірек оның ресми жары да ұл босанғаны айтылып, отбасында туындаған жанжалдан кейін әзілкештің жұбайы күйеуін бақылауға алғаны, тіпті барлық жерге бірге ертіп жүретіні жазылған.

Алайда бұл деректердің ресми расталмағанын ескерген жөн.

Бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова тележүргізуші Анна Данченкоға сұхбат беріп, отбасындағы жағдайды көпшілікке жария етуді қаламайтынын жеткізген еді. Оның айтуынша, кейбір жайттар тек сыйластықтың аясында іште сақталып қалған.

“Бұл – өмір. Қабылдадым. Бәрі жақсы. Бізде бәрі жақсы”, – деген болатын Мөлдір ханым сұхбатында.

Тэгтер:

Тұрсынбек Қабатов