Бокстан елімізде өтетін Әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Еске сала кетейік, Әлем кубогы 30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада өтеді.
Ерлер:
- Санжар Тәшкенбай (50 келі)
- Махмұд Сабырхан (55 келі)
- Серік Теміржанов (60 келі)
- Ертуған Зейнуллинов (65 келі)
- Абылайхан Жүсіпов (70 келі)
- Сабыржан Аққалықов (75 келі)
- Нұрбек Оралбай (80 келі)
- Бекзад Нұрдәулетов (85 келі)
- Сағындық Тоғамбай (90 келі)
- Айбек Оралбай (+90 келі)
Әйелдер:
- Назым Қызайбай (48 келі)
- Алуа Балқыбекова (51 келі)
- Әнел Сақыш (54 келі)
- Айдана Забынбекова (57 келі)
- Виктория Графеева (60 келі)
- Аида Әбікеева (65 келі)
- Наталья Богданова (70 келі)
- Надежда Рябец (75 келі)
- Гүлсая Ержан (80 келі)
- Елдана Тәліпова (+80 келі)
Айта кетейік, турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.