Бүгін, 29 маусымда футболдан Клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында Францияның ПСЖ клубы мен АҚШ-тың Интер Майами командалары кездеседі, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Букмекерлер болжамы бойынша:
- ПСЖ-ның негізгі уақытта жеңіске жету ықтималдығы – 78,9%
- Тең нәтиже болу ықтималдығы – 13,4%
- Интер Майамидің жеңісі – небәрі 7,7%
Жалпы есеппен қарағанда, ПСЖ клубының 1/4 финалға өту мүмкіндігі – 87,5%, ал Интер Майамидің келесі кезеңге шығуы – 12,5% ғана.
Мұндай айырмашылық сарапшылардың екі команданың әлеуетіне жасаған бағасына негізделген. ПСЖ – Еуропаның топ-клубтарының бірі, ал Интер Майами – жұлдызды ойыншыларға қарамастан, әлі де тәжірибе жинақтап жатқан команда.