Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан Түркияда алтын жүлдеге қол жеткізді

Бүгін, 12:18 / Ахмет Қанатұлы
ҚР Спорт комитеті. Суретте: Ризабек Айтмұхан мен жүлдегер балуандар

Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде біздің 3 спортшымыз жүлделі болды, деп Sportinside.kz тілшісі ҚР Спорт комитетінің Telegram желісіндегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұғыр сатысына көтерілгендер:

Нұрқожа финалда Рамазан Рамазановтан (Болгария), Ризабек Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті. Ал Азамат Дәулетбеков ақтық сында Әли Цокаевқа (Әзірбайжан) есе жіберді.

Айта кетейік, Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир бүгін аяқталады. Шешуші жарыс күні еркін күрес шеберлері қалған салмақта кім мықтыны анықтайды.

Тэгтер:

күрес Ризабек Айтмұхан балуан