Сәкен Майғазиевтің анасына бейтаныс әйел сыйлық беріп, елді тәнті етті (видео)

Сәкен Майғазиевтің анасына бейтаныс әйел сыйлық беріп, елді тәнті етті (видео)

фото: Видеодан скриншот

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев ел алдында тағы да адамгершілік пен ізгілікке толы оқиғамен бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің анасына бейтаныс әйелдің күміс білезік сыйлағанын айтып, ерекше ризашылығын білдірді.

Сәкен Майғазиев той үстінде болған ерекше сәтті видеоға түсіріп, мынадай жазба қалдырды:

"Даладай дархан пейілдеріңізден айналып қана кетейін! Тойда кездейсоқ кездескен бейтаныс апайымыз: "Сені анаңды аялаған ақ жүрегің үшін жақсы көреміз" – деп, анама күміс білезік беріп жіберді. Осындай әппақ ниетіңізге Алла тағала үйіп-төгіп бере берсін", – деді әнші.

Видео мен жазба желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Көпшілік бейтаныс апайдың шынайы ниетін ерекше бағалап, Майғазиевтің анасына деген құрметін үлгі етіп көрсетіп жатыр.

Пікірлерден үзінділер:

«Өмірде жақсы адамдар көп қой! Керемет»

«Анаңыздың ақ батасымен өсіп-өркендей беріңіз қазақтың ақ Сәкені!»

«Сәкен мырзаны бұрын жеңіл мінезді азамат деп ойлайтынмын. Қазағыма үлгі болар нағыз азамат екен, қазір көзім жетті»