фото: instagram.com/erkebulan_toktar. Суретте: Еркебұлан Тоқтар
ММА шебері әрі актер Еркебұлан Тоқтар жақын арада үлкен деңгейдегі жекпе-жегін өткізетіні туралы хабарламаны жариялады. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.
Танымал поп-ММА шебері Еркебұлан Тоқтар Instagram желісіндегі ресми парақшасында өзінің келесі жекпе-жегі туралы айтты.
"Таңғы 10-да күрес, кешкі 7-де үй жаққа. Қол босаса ұра беру керек. Жақсы бір бойдың иісі шығып тұр", – деп жазды Еркебұлан Тоқтар.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Еркебұлан Тоқтар АҚШтағы танымал American Top Team залында жаттығу жасап жүр.