"Өз елімде ұят жағдай болды": шетелдегі қазақ бапкері Қазақстандағы келеңсіз оқиғаны айтты (видео)

28 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Видеодан скриншот. Суретте: Асқар Сәрсенбаев

Бокстан Финляндия құрамасының бапкері, қазақ азаматы Асқар Сәрсенбаев фин спортшыларын Астанадағы халықаралық жарысқа алып келгенде, келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі "Спорт Министрі" YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Негізі бізге екі орынды төсегі бар бөлмені ұсынуы керек болған. Екі жатын орын болуы қажет. Ал келсек – бұл жерде 1 жататын орын және 1 Кеңес үкіметінің "раскладушкасы" тұр. Енді оның ақшасы төленген, оны айту-айтпаудың қаншалықты дұрыс?! Боксшыларды төсекке жатқызып, өзіміз бапкерлер раскладушкада жатып жүрміз. Мәселе реттелмеді. Елге келгенде осындай ұят жағдай болды", – деді Асқар Сәрсенбаев.

Айта кетейік, World Boxing ұйымдастырып жатқан бокстан әлем кубогы турнирі Астанада 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтеді.

Тэгтер:

Бокс Астана Асқар Сәрсенбаев Финляндия World Boxing