Өзбекстандық дзюдошы, Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Диёра Келдиёрова Instagram-дағы жеке парақшасында өзінің жарысқа дейінгі жанкешті дайындығын көрсетіп, жанкүйерлерін жылатты. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Penalty.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Спортшы жариялаған роликте жарақаттан қан-жоса болған тізе-шынтақ, көз жасы, шегі жоқ жаттығулар бірінен соң бірі тізілген. Келдиёрова бейнебаянын «Олимпиадаға апарар жол…» деп атап, алтын медалға дейінгі ауыр кезеңді паш етті.
1/16 финал: Жапония атынан шыққан Токио чемпионы Абэ Утаға қарсы күресте Диёра иппон әдісімен (10:1) сенсациялық жеңіске жетті.
Финал: Косово өкілі Дистрия Красничиден басым түсіп, Өзбекстанға дзюдодан алтын әкелді.
Қазір Диёра Келдиёрова ана атануға дайындалып жүр. Соған қарамастан, ол 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысуды армандайтынын жасырмады.