"Келінімізді тап біздің әулетке арнап туғандай": Сәкен Майғазиев келінін ерекше мақтады

28 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділет пен келіні Әдияның үйлену тойында айтқан әсерлі сөзін әлеуметтік желіде бөлісіп, жұрттың жүрегін елжіретті.

Әнші өз сөзінде келініне деген ерекше ықыласын білдіріп:

«Әдия қызымыз әжесіне де, анасына да ұқсамайды. Менің бір таң қалатыным – ол Динараға ұқсаған. Келініміз біздің әулетке арналып туылғандай», — деді.

Сонымен қатар Майғазиев тойға дейінгі бір апта ішінде өзінің әлеуметтік желідегі парақшасының 70 миллион қаралым жинағанын айтып өтті. Бұл – тыңдарманның отбасыға деген қызығушылығы мен ықыласының бір көрінісі.

Әнші анасының аманатын орындағанын, сондай-ақ құдаларының қарапайымдылығы мен кісілік келбетін ерекше атап өтті:

«Жүзі жылыдан түңілме» деген. Құдаларымызды көріп, өзіміздің әулетке ұқсастығын байқадым. Тәрбиеміз де, тәртібіміз де, ата-әжеден алған тәліміміз де бірдей екен. Құдалық кезінде де айттық: өте ризамыз! Алла Тағала осындай тәрбиелі, инабатты, көркем мінезді, көрікті келінімізді біздің қолымызға қондырғандарыңызға алғысым шексіз», – деді Майғазиев.