Танымал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов жақында некелескен жары, белгілі тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжанды кәсіби мерекесімен ерекше түрде құттықтады.
Ол Instagram парақшасына жұбайының суретін жариялап, жүрекжарды жазба қалдырған:
«Менің Куконям... барлық БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын», – деп жазды Жұмабек Жанықұлов.
Жазбамен бірге жарияланған суретте жас жұбайлар жылы көңіл күймен бейнеленген. Желі қолданушылары бұл құттықтауға сүйсініп, жас жұпқа бақыт тілеп, жылы лебіздерін қалдыруда.