"Жұрттың күйеуін қарашы": "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбек ажырасу себебін айтты (фото)

"Жұрттың күйеуін қарашы": "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбек ажырасу себебін айтты (фото)

фото: instagram.com/aidar_turgambek. Суретте: Айдар Тұрғамбек

"Жігіттер" тобының мүшесі, танымал әнші Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық құндылықтар жайлы пікір білдіріп, өз ажырасуына не себеп болғанын ашық айтты.

Әншінің айтуынша, ажырасуға себеп – желіге отбасылық сәттерді жариялау болған.

"Жігіттер, өтініш... әйелдеріңе гүл беріп жатқан сәтті интернетке салмаңдаршы. Қыз-келіншектер, сіздер де гүл алып жатқан бақытты кездеріңізді жарияламаңыздаршы. Көп отбасы соны көріп, күйеуіне ренжіп жатады: «Жұрттың күйеуін қарашы, әйеліне гүл беріп, шетелге апарып жатыр. Бізде не гүл жоқ, не демалыс жоқ» деп реніш туады. Артынша ұрыс-керіс, ақыры ажырасуға дейін барады. Отбасы – құпия болу керек!" – деді Айдар Тұрғамбек.