Танымал айтыскер ақын әрі рухани кеңесші Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасы, ер мен әйел, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас туралы терең ой қозғап, көпшілікті толғандырған жазба жариялады. Ол күнделікті өмірде адамдармен жұмыс істей жүріп көз жеткізген 10 заңдылықты бөлісті.
Айнұр Тұрсынбаеваның өмірден түйген 10 заңдылығы:
- Шешесімен тіл табыса алмаған адам, кейін қызымен жиі қақтығысқа түседі.
- Әкесін сыйламаған адамның өмірде аяққа тұрып кетуі қиын.
- Көп өкпелейтін адамды үнемі ренжітетін жандар жолығады. Өкпелеу – энергияны тұншықтырады.
- Отбасында сөйлесу азайса, соңы міндетті түрде ажырасуға апарады.
- Әйелі сыйламайтын еркек өмірде табысқа жете алмайды.
- Махаббатсыз өмір сүріп жатқан әйел ашуға булығып, бала-шағасына жиі қол жұмсайды.
- Болашағынан қорқатын адам даму орнына кері кетеді.
- Махаббатқа зәру әйел үнемі киімге, сыртқы жылтыраққа қызығады – ішкі бос орынды солай толтырғысы келеді.
- Ақша үшін күйзеліп жүргендерге шын мәнінде ақша емес – махаббат керек.
- Қиындықпен күрескісі келетін адам алдымен қуана білуді үйренуі керек.