"Дайындыққа кірістім": Айгүл Иманбаева жақында той жасайтынын айтты

"Дайындыққа кірістім": Айгүл Иманбаева жақында той жасайтынын айтты

фото: instagram.com/aigul_imanbayeva. Суретте: Айгүл Иманбаева

Танымал әнші Айгүл Иманбаева Алматы қаласында 26 маусым күні үлкен той өткізетінін хабарлады.

Өнер иесінің айтуынша, салтанатты шара ұлы мен келінінің сәбиі – өзінің тұңғыш немересіне арналады.

«Менің шаңырағымда үлкен қуаныш. Жұмыс-жұмыс деп жүріп, тек бір күн қалғанда ғана дайындыққа кірістім. Бұл – немеремнің тойы. Ақ бата беріп, томағасын сыпыратын қадірлі ағаларымның иығына жабатын шапан алуға келдім. Арасында Асанәлі ағаларым да бар», – деді әнші Instagram желісіндегі парақшасында.