Енді Месси мен Роналду бірге ойнайды: танымал инсайдер маңызды ақпаратты хабарлады

26 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Tengrisport.kz. Суретте: Лионель Месси мен Криштиану Роналду

Инсайдер Саша Тавольеридің мәліметінше, АҚШ-тың "Интер Майами" клубы мен Аргентина құрамасының жұлдызы Лионель Месси Сауд Арабиясының "Махд" академиясының директоры Абдулла Хамадпен және Сауд "Про-лигасының" өкілдерімен тығыз байланыс орнатқан, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Белгілі болғандай, аргентиналық футболшы Эр-Рияд қаласымен жақсы таныс және ол бұған дейін бұл шаһардың инфрақұрылымына – үйлеріне және оқу орындарына – жоғары баға берген.

2023 жылдан бастап Лионель Месси АҚШ-тың MLS чемпионатында өнер көрсететін "Интер Майами" клубында ойнап жүр. Ол бұл клубқа Францияның ПСЖ командасынан ауысқан болатын. Мессидің дебюті 2023 жылдың 21 шілдесінде "Крус Асуль" командасына қарсы Лига кубогының матчында өтті. Сол ойында ол айып соққысынан жеңіс голын соқты.

Мессидің алғашқы маусымында "Интер Майами" Лига кубогы – 2023 турнирінде жеңіске жетті. Бұл клуб тарихындағы алғашқы трофей болды. Турнир барысында Месси 7 ойында 10 гол соқты.

2023 жылғы MLS тұрақты чемпионатында Лионель Месси 14 ойынға қатысып, 11 гол мен 5 нәтижелі пас берді. 2024 жылы да ол керемет ойын өрнегін көрсетті – командасымен бірге MLS Supporters' Shield жүлдесін жеңіп алып, клуб тарихында бір маусымда ең көп гол (20) және ең көп нәтижелі пас (16) авторы атанды.

Тэгтер:

Криштиану Роналду Лионель Месси