Көптен көрінбей кеткен Шавкат Рахмонов қайда жүргенін көрсетіп қойды (фото)

26 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Chris Unger/Zuffa LLC. Суретте: Шавкат Рахмонов

UFC-де әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген қазақ файтері Шавкат Рахмонов Instagram желісіндегі парақшасына Алматыда түсірілген суретті сториске жүктеп, өзінің қайда жүрген көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Суретте Шавкатпен бірге отандық тағы бір танымал спортшы Асу Алмабаев пен жаттықтырушы Эдуард Базров та бар. Бұл – Рахмоновтың жарақатынан кейінгі залға оралып, жаттығуын жүйелі түрде қайта бастағанының белгісі.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы кездесуін 2023 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын. 

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов Алматы Асу Алмабаев