Руслан Берденов қызметінен кетті

26 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/ruslan_berdenov

Respublica партиясының тең төрағасы, бұрынғы Мәжіліс депутаты Руслан Берденов бұл қызметінен кетті. Бұл туралы ақпаратты Skifnews.kz порталы жариялап, партияның баспасөз қызметі өкілі ұялы телефон арқылы растаған.

Айта кетейік, биылғы 24 ақпанда Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Осыған байланысты оның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық өкілеттігі тоқтатылған болатын.

Руслан Берденов – Қазақстанның жаңа буын саясаткерлерінің бірі. Ол бұған дейін Respublica партиясы құрамында белсенділік танытып, партияның даму бағытына ықпал еткен болатын. Алайда мемлекеттік қызметке тағайындалуына байланысты партиялық қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған.