Жібек Ермуратқызы Құламбаева – Қазақстан теннисінің жарқын жұлдызы. Ол ITF турнирлерінде жеңіске жетіп, еліміздің атын халықаралық ареналарда танытып жүрген кәсіби теннисші. Жібек – тек дарынды спортшы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы әйелдер теннисінің дамуына үлес қосып жүрген жарқын тұлға.
Қысқаша өмірбаяны
- Туған күні: 26 наурыз 2000 жыл
- Туған жері: Алматы қаласы, Қазақстан
- Бойы: 172 см
- Ойнау тәсілі: оң қолмен, сол жақ соққы – қос қолмен
- Кәсіби мансабының басталуы: 2016 жыл
Жібек Құламбаева 2018 жылдан бастап Билли Джин Кинг Кубогында (бұрынғы Федерция кубогы) Қазақстан құрамасының намысын қорғап келеді. Оның ұлттық құрамадағы жалпы нәтижесі – 3 жеңіс, 2 жеңіліс.
WTA рейтингіндегі орны
Жібек жыл сайын WTA рейтингінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Әсіресе жұптық сында табысқа жетіп, 2024 жылы өз мансабындағы ең жоғарғы көрсеткіш – 136-орынға көтерілді.