25 жастағы қазақ ойыншысы ағылшындық клубпен келісімшартқа қол қойды

25 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
kff.kz. Суретте: Ислам Чесноков

Футболдан Қазақстан құрамасы мен қостанайлық «Тобыл» клубының шабуылшысы Ислам Чесноков Шотландияның әйгілі «Хартс» (Heart of Midlothian FC) клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы «Хартстың» бас бапкері Дерек Макиннес мәлімдеді, деп Sportinside.kz тілшісі DailyRecord басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ислам алдын ала келісімшартқа қол қойды. Бірақ олардың маусымы әлі жалғасып жатыр, сондықтан біз жағдайды толық бақылап отырған жоқпыз. Қазір «Тобыл» оны маусым соңына дейін жібергісі келмейді. Команданың құлдырап кету қаупі бар. Мен клуб басшылығына оны мүмкіндігінше тезірек алып келгім келетінін айттым. Өткен сәрсенбіде Исламмен жеке сөйлестім», – деді Макиннес.

Клубтың баспасөз қызметі Ислам Чесноковтың қазіргі келісімшарты маусым соңына дейін жарамды екенін растады. Демек, футболшы әзірге Қазақстанда қалуы мүмкін.

Ислам Чесноков кім?

«Хартс» клубы жайлы не білеміз?

Жетістіктері:

Тэгтер:

Ислам Чесноков Ислам Чесноков футбол Ислам Чесноков трансфер Тобыл футбол