Әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында тағы да тұрмысқа шығуға ниетті екенін жазып, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Ол өз жазбасында болашақта арқа сүйер ер-азамат табатынына сенетінін айтып, өз ойын ашық жеткізді.
“Енді, саған күйеуге шығу керек емес, күйеуді алу керек сияқты. Жан-жақты дамып, күшейіп кеттің. Шамасы жетпейді ау...”, – дейді досым Бағылан.
Ал мен, менің отбасыма (мен + ұл + қыз) арқа сүйер бола алатын мықты ер азаматтың барына әлі де сенемін!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді:
Қолдаушылар:
“Кездеседі, сеніміңізден айырылмаңыз”
“Әр адам бақытты болуға лайықты”
Сын айтушылар:
“Арқа сүйер азамат тапқанша байдан байға тие бересің бе?”
“Не үшін тағы тұрмысқа шығу керек?”
Жағымсыз пікірлерге Әуелбекова ашық түрде жауап берді:
“Маған жазған ауыр сөздеріңіз үшін Алланың алдында бір айналарсыз.
Өз сөзіңізбен өз қыздарыңызға зиян тигізіп отырғаныңызды көбірек уайымдаңыз.
Қыз өсіріп отыр екенсіз. Болашақта басыңызға келгенде маған міндетті түрде жазыңыз”, — деді әнші.