«Байдан-байға тие бересің бе?»: Мөлдір Әуелбекова оқырманымен сөзге келіп қалды

«Байдан-байға тие бересің бе?»: Мөлдір Әуелбекова оқырманымен сөзге келіп қалды

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Әуелбекова

Әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында тағы да тұрмысқа шығуға ниетті екенін жазып, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Ол өз жазбасында болашақта арқа сүйер ер-азамат табатынына сенетінін айтып, өз ойын ашық жеткізді.

“Енді, саған күйеуге шығу керек емес, күйеуді алу керек сияқты. Жан-жақты дамып, күшейіп кеттің. Шамасы жетпейді ау...”, – дейді досым Бағылан.
Ал мен, менің отбасыма (мен + ұл + қыз) арқа сүйер бола алатын мықты ер азаматтың барына әлі де сенемін!”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді:

Қолдаушылар:

“Кездеседі, сеніміңізден айырылмаңыз”

“Әр адам бақытты болуға лайықты”

Сын айтушылар:

“Арқа сүйер азамат тапқанша байдан байға тие бересің бе?”

“Не үшін тағы тұрмысқа шығу керек?”

Жағымсыз пікірлерге Әуелбекова ашық түрде жауап берді:

“Маған жазған ауыр сөздеріңіз үшін Алланың алдында бір айналарсыз.
Өз сөзіңізбен өз қыздарыңызға зиян тигізіп отырғаныңызды көбірек уайымдаңыз.
Қыз өсіріп отыр екенсіз. Болашақта басыңызға келгенде маған міндетті түрде жазыңыз”, — деді әнші.