Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай кәсіпқой боксқа ауысу жоспарын ашық айтып, қазақ боксын Геннадий Головкиннің жолымен әлемдік аренаға шығарғысы келетінін мәлімдеді, деп Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Олимпиадада топ жарып, чемпион атанғым келеді. Әзірге 50 келі салмақта жұдырықтасып жүрмін. Дегенмен, алдағы уақытта кәсіпқой боксқа ауысу жоспарда бар. Қазақ боксын Геннадий ағамыз секілді әлемдік деңгейге көтергім келеді», – деді жас боксшы.
Санжар бұған дейін «Странджа» кубогында қолынан жарақат алып, шамамен екі ай ем қабылдаған. Қазір толық жазылып, алдағы әлем кубогіне тыңғылықты дайындалып жатқанын айтты.
«Қазір бәрі жақсы. Осы жарысқа бір ай бойы тоқтаусыз дайындалдық. Психологиялық және физикалық тұрғыда толық дайынмын», – деді ол.