«Бір иіскегіштің быт-шытын шығарсам...» – қоғам белсендісі шындық іздеді

25 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Қоғам белсендісі, журналист Сәуле Әбілдаханқызы Түркістандағы Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония төңірегіндегі дауға байланысты пікір білдіріп, шенеуніктер арасындағы «иіскегіш» әрекеттердің жиілігін сынады.

Әбілдаханқызы бұл туралы Facebook парақшасында былай деп жазды:

«Бірі «иіскеді» деді… Бірі «иіскемедім» деді… Екеуі бірге «келістік» деді… Негізі, мойындауымыз керек, талай «иіскегіш» әкім-қаралар «иіскеп» те, «иіскемей» де талай қыздың тағдырын сындырып, өмірін күл-талқан етіп жүргені — қазақ қоғамының ащы шындығы…»

Белсенді әнші Наркенже Серікбаева мен филармония басшысы арасындағы «иіскеп тиіскен» оқиғаны еске алып, қыздың өз мәлімдемесінен неге бас тартқанын да меңзеді. Сонымен қатар, қоғамда жиі кездесетін мұндай моральдық бұзақылыққа бейжай қарауға болмайтынын айтты.

«Не де болса, «иіскегіштер», «иіскемей» тыныш жүріңдер… бір күні болмаса бір күні «иіскегендеріңе» өкініп, бар абыройдан жұрдай боласыңдар…» — деп ескертті.

Жазбасының соңында Сәуле Әбілдаханқызы:

«Мен де бір «иіскегіштің» быт-шытын шығарсам ба екен, сөйтіп гештальтты жапсам ба екен деп ойлап жүрмін…» — деп, өз өмірінде болған ұқсас жағдайды жария етуді де меңзеді.