Қазақстандық жас балуан Жайдар Мұқат Вьетнамда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.
Жайдар Мұқат қыздар арасындағы еркін күрестен 61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол финалдық белдесуде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды.
Айта кетейік, жарыс Вьетнамның Вунгтау қаласында өтіп жатыр. Балуандар додасы 21-26 маусым аралығында ұйымдастырылған.