Түркістандық клуб бір күннің ішінде бапкер және 12 ойыншымен қош айтысты

25 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
"Тұран" футбол клубының баспасөз қызметі

Түркістанның «Тұран» футбол клубы құрамында ауқымды өзгерістер орын алды. Клубтың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, бірқатар шетелдік ойыншылармен қатар бапкерлік штаб та қызметінен кеткен, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Алдымен клуб басшылығында өзгерістер болды: Әлібек Нұртаев атқарушы директор қызметінен кетсе, ал Ернұр Сапарбаев спорт директоры лауазымын босатты. Олардың орнына жаңа басшылық келіп, директор қызметіне Дінмұхамед Махимов тағайындалды.

Беларусь маманы Виталий Жуковский бастаған бапкерлер құрамымен қош айтысқан «Тұран» енді команданы отандық маман – Абдухалық Бурибаевке сеніп тапсырды. Қазір клуб жаңа ойыншылармен келіссөз жүргізіп, құрамды жасақтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ клуб бірден 12 легионермен қош айтысты. Олардың қатарында:

Аталған ойыншылардың көпшілігі – атап айтқанда Хаткевич, Милойко, Дорофеев, Совпель, Юденков және Стасевич – «Атырау» футбол клубына ауысты. Сонымен қатар, «Атырау» құрамын бірнеше жас қазақстандық ойыншы мен бұрын Ливияда өнер көрсеткен ойыншы Жоэль Каямба толықтырды.

Айта кетерлігі, «Атырау» клубының тізгінін қайтадан Виталий Жуковский алды. Ол бұл қызметке Денис Мамоновтың орнына келді. Ал спорт директоры болып Қуаныш Қабдолов тағайындалды.

Қазір Қазақстан премьер-лигасының маусым ортасында «Тұран» 13 матчтан кейін 11 ұпай жинап, 12-орында тұр. Команда тек «Жетісу» мен «Атырау» клубтарынан ғана жоғары орналасқан. Ал «Атырау» 15 ойыннан кейін небәрі 4 ұпаймен соңғы орында келеді.

Тэгтер:

футбол трансфер Тұранф Қазақстан футбол