Белгілі тележүргізуші әрі медиамаман Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше қуанышын бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
«Қуанышты жаңалығым бар. Оксфорд университетінен (University of Oxford) 2025 жылдың күзіне 3 айлық шақырту алдым. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік. Алда шетелдік студенттермен бірге түрлі зерттеу жобаларын жүргізіп, қазақ тілінің өрісін кеңейтуге атсалысатын боламыз», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында.