Актер, файтер Еркебұлан Тоқтар Instagram желісіндегі ресми парақшасында Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекпен бірге түсірген видеосын жариялады. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.
Видеода дзюдошы Ақмарал Науатбек актер Еркебұлан Тоқтарға лақтырудың бірнеше әдіс-тәсілдерін көрсетіп жатқанын көруге болады. Еркебұлан Тоқтар осы видеоны өз парақшасына жүктеп:
"Ақмарал өзінің жолдасы Мәдимен демалып жүр екен. Маған күрес элементтерін үйретті", – деп жазды.