фото: sportinside.kz. Суретте: Ақмарал Науатбек пен Еркебұлан Тоқтар
Актер, файтер Еркебұлан Тоқтар Instagram желісіндегі ресми парақшасында Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекпен бірге түсірген видеосын жариялады. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.
Видеода дзюдошы Ақмарал Науатбек актер Еркебұлан Тоқтарға лақтырудың бірнеше әдіс-тәсілдерін көрсетіп жатқанын көруге болады. Еркебұлан Тоқтар осы видеоны өз парақшасына жүктеп:
"Ақмарал өзінің жолдасы Мәдимен демалып жүр екен. Маған күрес элементтерін үйретті", – деп жазды.