Сыртқы істер министрлігі Дубай, Әбу-Дабида жүрген қазақтарға кеңес берді

24 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты ел азаматтарын бұл аймаққа бармауға шақырды.

Министрліктің ресми мәлімдемесі:

«Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың күрт күрделенуіне байланысты Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына осы аймаққа жоспарланған сапарларын қайта қарауға кеңес береді».

Қай елдерге қатысты?

Шетелдегі қазақстандықтарға арналған СІМ-нің жедел ұсыныстары

Осыған байланысты, Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінде, әсіресе Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан азаматтарына төмендегідей кеңес береді:

Шұғыл байланыс мәліметтері

Қазақстанның Қатардағы елшілігі:

+97450649955;

+97470910579;

kazconsul.doha@gmail.com;

doha@mfa.kz.

Қазақстанның БАӘ-дегі (Әбу-Даби қаласы) елшілігі:

+97124498778;

+971503629805;

abudhabi@mfa.kz.

Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы:

+971556103341;

+971505701978;

dubai@mfa.kz.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:

+7 (7172) 72 05 00

Дипломатиялық өкілдіктер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыс елдеріндегі барлық дипломатиялық өкілдігі қалыпты режимде жұмыс істеп, жағдайдың даму барысын үнемі бақылауда ұстап отыр және Қазақстан азаматтарына тәулік бойы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуді жалғастыруда.

Тэгтер:

СІМ