"Жоғарыдан қоңырау шалды": комментатор Ермұхамед Мәулен Қазақстаннан кететінін мәлімдеді

23 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Ашық дереккөзден. Суретте: Ермұхамед Мәулен

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы, комментатор Ермұхамед Мәулен тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Маған жоғарыдан қоңырау шалды. Тек қана қоңырау шалған жоқ, нақты ескерту жасады. Ештеңені жасырып жатпаймын. Қоңыраулар жоғарғы деңгейдегі кеңселерден де түсті. "Тоқтау керек" дегенді анық жеткізді. Мен түсіндім, енді бірнеше аптаға үнсіз қалам. Бәрі жақсы, бәрі тыныш.

Бірақ маған қолдау білдіріп, қоңырау шалғандар да болды. Оларға шын жүректен алғыс айтамын.

Ашығын айтқанда, дәл қазір Қазақстанда қалудың мағынасы мен үшін қалмады. Жақын уақытта шетелге, Еуропаға көшуді шештім. Өзімнің YouTube арнамда жақында үлкен мәлімдеме жасап, Қазақстандағы футбол маусымы аяқталған соң кетемін. Егер біреу нақты шешім ұсынса, бәлкім ойымды өзгертермін, әзірге шешім осы", – деді Ермұхамед Мәулен FonTeam подкастында.

Тэгтер:

футбол Ермұхамед Мәулен Ермұхамед Мәулен комментатор комментаторф