"Тұрсынбекті жоғалтып алдым": әзілкештің әйелі сұқбат барысында жылап қалды (видео)

23 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова "Мамский әңгіме" жобасына берген сұхбатында жан тебірентерлік шындықты айтып, өткен өмірдегі ауыр сәттерді еске алды. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Democrat.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сұхбат барысында Мөлдір отбасылық қиындықтар мен жалғыздықты сезінген сәттерін бөлісті:

"Басымыздан көп нәрсе өтті. Тоңазытқыштың ішін ашсаң, жейтін түк табылмайтын күндер болды. Қиын сәттерде жанымызда дос та, туыс та болмады. Егер анам тірі болғанда, сол кезде көмектесер ме еді деп ойлаймын", – деп көзіне жас алды ол.

Мөлдірдің айтуынша, сол кездері Тұрсынбек бар уақытын КВН-ге арнап, отбасына мүлдем көңіл бөле алмаған.

"КВН деп үйге де келмейтін. Жұмысқа беріліп, толығымен соған кіріп кеткен кезі еді. Мен сол кезде 'Тұрсынбекті жоғалтып алдым' деп қатты қиналдым. Жылап алатын кездерім көп болды", – дейді ол.