Таиландтың Ройет қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жағажай волейболынан ел намысын қорғаған Клим Рюхов пен Владислав Мастихин финалда Қытайдың бірінші құрамасын 2:0 (21:19, 21:16) есебімен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.
Бұл – Қазақстан тарихындағы жастар деңгейіндегі алғашқы чемпиондық атақ. Бұған дейін біздің командалар тек күміс пен қола медальдарға ие болып келген еді.
Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызғ жазылып, спорт жаңалықтарынан хабардар болып отырыңыз: