Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы, жас өнерпаз Алау Нұртас тікелей эфир барысында оқырмандардың сұрағына жауап беріп, өзін тек «Қайраттың қызы» деп танитындарға ренішін білдірді. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Тікелей эфирде Алаудан «Сізге Қайрат Нұртастың қызы деп қарағанда көңіліңізге тие ме?» деген сұрақ қойылған. Бұл сауалға ол былай деп жауап берді:
«Әрине, көңіліме тигенде де қатты тиеді. Өйткені мен туылғанда маған «Қайрат Нұртастың қызы» деген есім бермеген. Маған Алау деген есім берді. Менің атым – Алау!»
Сондай-ақ ол адамдардың танымал әкесіне бола суретке түсуді сұрауына да қарсы екенін айтты:
«Егер маған: «Сен Қайрат Нұртастың қызысың ғой, суретке түссем бола ма?» деп айтса, мен келісімімді бермеймін», – деді Алау.
Алау Нұртастың бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, пікір екіге бөлінді:
Сын айтқандар:
«Тәлпіштенбеші»
«Сен Қайраттың қызы болмасаң, ешкім суретке түспес те еді»
«Сол үшін ғана танымал емессің бе?»
Қолдағандар:
«Мақтанбасың ба керісінше?»
«Дұрыс айтып отыр!»
«Әр баланың жеке тұлғалық дамуы маңызды»